Абай облысының Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Бұл қызметке Айбек Төлегенұлы Самат таңдалды.

Самат Айбек Төлегенұлы 1987 жылы 16 қарашада Семей облысы Ақсуат ауданы Ақсуат ауылында дүниеге келген. 2008 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін "Мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2009 жылы Шығыс Қазақстан облысы "Семей қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінде маманның көмекшісі болып бастаған. 2010 жылдан 2012 жылға дейін Шығыс Қазақстан облысы "Семей қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінде компьютерлік техника операторы.

2012 жылдан 2013 жылға дейін "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бас маманы. 2013 жылдан 2015 жылға дейін "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі, Семей қаласы әкімінің көмекшісі.

2015 жылдан 2016 жылға дейін "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ақпараттық-насихаттау жұмыс секторының меңгерушісі.

2016 жылдан 2020 жылға дейін "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары. 2020 жылдан 2021 жылға дейін "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы. 2022 жылдың сәуірінен тамыз айына дейін Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы және Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының этносаралық қатынастар мониторингі бөлімінің басшысы. 2022 жылдың тамызынан 2023 жылдың маусымына дейін Абай облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы.

2023 жылдың маусымынан қыркүйек айына дейін Абай облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы басшысының орынбасары.

2023 – 2024 жылдың қарашасына дейін Абай облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру және бақылау-инспекторлық жұмыс бөлімінің басшысы.

2024 жылдың 6 қарашасында "Абай облысының мәдениет , тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы лауазымына тағайындалды.

Сурет: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі