Шығын 30 000 теңгені құрады.
Оның айтуы бойынша осы жылдың мамыр айында ол өзінің бақшасына 80 қарбыз отырғызған, күн сайын бақшасын суарып, күтіп баптаған.
Мәселе шығында емес, еңбекте, — деп ашынды қарбыз иесі.
Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері осы ауылдың кәмелетке толмаған 10 тұрғынын анықтады (олардың бесеуі 14 жасқа толмаған). Олар өздерінің кінәларын мойындады. Тентектер қарбыздарды жеп қойған. Қазіргі кезде 14 жасқа толған 5 кәмелетке толмаған тұлғаларға қатысты ҚР ҚК 188-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Барлық жасөспірімдерді ювеналды полиция бақылауға алды, олармен түсіндіру жұмыстарын жүргізілуде, олардың мақсаты заңға бағынатын мінез-құлықты қалыптастыру.
Сурет: ашық дереккөздерден