"АрселорМиттал Теміртау" АҚ қандай активтері Қазақстанға өтеді

БАҚ өкілдері Қанат Шарлапаевтан "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ның қандай активтерін Қазақстанға беруге болатынын сұрады.

"Әңгіме Қазақстандағы АМТ активтерінің толық спектрі – бұл болат, көмір және руда бөлімдері. Сондай-ақ әлеуетті мәміленің периметрі Ақтау қаласындағы құбыр зауытын қамтиды. Яғни Қазақстандағы АМТ толық активтері", — деп түйіндеді министр.

Бұған дейін Қанат Шарлапаев "АрселорМитал Теміртау" АҚ (АМТ) инвесторын ауыстыруға бюджеттен жұмсалатын шығындар туралы айтқан болатын.

Сурет: pixabay