Алматы облысында ауруханада 3 жасар бала көз жұмды, деп хабарлады өңірлік полиция департаментінің басшысы Бауыржан Әленов әлеуметтік желіде. |
Оның айтуынша, нәресте кәріз құдығына құлап кетіп, ауруханаға түскен. Септик Еңбекшіқазақ ауданы Қырбалтабай ауылындағы балабақша аумағында орналасқан, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы Sputnik.kz сайтына сілтеме жасап.
"Бұл дерек полицияда Қазақстан Қылмыстық кодексінің 141-бабының 2-бөлігі (Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісті деңгейде орындамау) бойынша тіркелді", — деп жазды Бауыржан Әленов.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ол сондай-ақ тергеуді өз бақылауына алғанын айтты.