SME Banking Agency ақпараттық-талдау агенттігі Қазақстандағы шағын және орта бизнес (ШОБ) үшін дамыған экожүйесі бар цифрлық банкинг рейтингісін таныстырды. "Бизнеске арналған үздік мобильді банк " номинациясының жеңімпазы болып Jusan business мобильді қосымшасы бар Jusan bank танылды.
Сонымен қатар, Jusan Bank бизнес үшін ең жақсы экожүйелер және ШОБ үшін ең жақсы цифрлық банктер рейтингінде екінші орынға ие болды.
"Біздің миссиямыз – Jusan Bank клиенттерін бизнесті тіркеу және жүргізу үшін қажетті цифрлық қаржылық және қаржылық емес сервистердің барлық кешенімен қамтамасыз ету. Біз Jusan business қосымшасы кәсіпкерлік саласындағы озық шешімдерді талдауға және әзірлеуге маманданған беделді агенттіктен осындай жоғары баға алғанына қуаныштымыз. Біз өз клиенттеріміз үшін сенімді серіктес болып қалу үшін сервистерімізді одан әрі жетілдіретін боламыз", – деп атап өтті Jusan Bank-тің бөлшек және жаппай бизнеске арналған өнімдерін әзірлеу жөніндегі басқарушы директоры Александр Уздяев.
Jusan Bank үшін шағын және орта бизнес сегментімен жұмыс істеу басым бағыттардың бірі болып табылады. Jusan business қосымшасының көмегімен бизнесті бірнеше минут ішінде онлайн режимінде тіркеуге, шоттар мен карталарды ашуға, бухгалтерлік есеп жүргізуге, салық есептерін қалыптастыруға және т.б. болады.
Сонымен қатар, банктің экожүйесіне халық үшін ыңғайлы және тиімді онлайн-сатып алу орны және кәсіпкерлер үшін маңызды өткізу орны болып табылатын маркетплейс кіреді.
Рейтингті құрастырушылар Jusan Bank-те Jusan business қосымшасын бизнесті жүргізу үшін әмбебап құралға айналдыратын бірқатар инновациялық сервистердің болуын назарға алды. Атап айтқанда, банк өз клиенттеріне сыртқы экономикалық қызметті (СЭҚ) жүргізу үшін бірқатар ыңғайлы шешімдерді ұсынады, соның ішінде нақты уақыттағы төлем мәртебесін, автоматтандырылған валюталық төлемдерді, валюталық операциялар бойынша тиімді тарифтерді, мәмілелерді сүйемелдеуді және СЭҚ бойынша жеке call-орталықты бақылауға мүмкіндік беретін Swift gpi-трекер.
Jusan Business-тің басқа артықшылықтарына бизнес үшін несиені онлайн режимінде рәсімдеу мүмкіндігі, сондай-ақ, тапсырыс берілген күні төлем терминалын алу кіреді.