Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен дөңгелек үстел барысында өгей әкелерді тексеруге қатысты сұраққа жауап берді. |
Белгілі болғандай, бұған дейін Бас прокуратура өгей әкесі бар отбасыларды тексеру туралы ұсыныс айтқан, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.
Тілшілер ведомство өкілінен ұсыныстың жүзеге асырылу-асырылмауы туралы сұрады.
Өгей әкелермен тұратын отбасыларды тексеру мәселесіне келсек, біз өзімізге түсетін әр ұсынысты жан-жақты қараймыз. Бізге дәл мұндай ұсыныс ресми түрде түскен жоқ, — деді Еділ Оспан.