Шымкентте көйлек, аяқ киім және косметика ұрлаған ер адам сотталды

36 жастағы қала тұрғыны ұсталды.

Шымкенттік ханымның көлігінен көйлек, аяқ киім және косметика ұрлаған ер адам сотталды, деп хабарлады Caravan.kz медиа-порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Аталған заттардан бөлек, көліктің ішінен смартфон, сақина, шаш күтіміне арналған жиынтық және 40 мың теңге көлеміндегі қолма-қол ақша ұрланған.

Жәбірленушінің айтуынша, ол көлікті үйдің ауласындағы айыптұраққа қойып, біраз уақыттан кейін қайтып келгенде ұрлық болғанын білген.

«Келтірілген шығын көлемі шамамен 400 мың теңгені құрады. Тәртіп сақшылары күдіктіні бейнебақылау камералары арқылы қолға түсірді. Ол 36 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Полицейлер Қылмыстық кодекстің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тергеу жүргізіп, істі сотқа жіберді. Ер адам кінәлі деп танылып, оған 2,5 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды», — делінген хабарламада.