"Біздікілер ән-биден шаршамайды": Алматыда жер сілкінісі кезінде көңіл көтеріп, би билеген жұрт жаппай сынның астында қалды

Алматыда бүгін таңертеңгілік уақытта қатты жер сілкінді.

ТЖМ өкілдері жер астындағы афтершоктар қайталанады деген болжам айтып отыр, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Жерасты дүмпулерін сейсмикалық станциялар желісі Астана уақытымен 11:22-де тіркегені белгілі болды.

Қазіргі таңда ТЖМ жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстікке қарай 31 шақырым жерде Қазақстан аумағында орналасқанын мәлімдеді. Сондай-ақ, жер сілкінісінің энергетикалық класы — 13,2, MPV магнитудасы — 6,1 екені белгілі болды.

Десе де, жергілікті жұрт дүрлікпей, жерасты дүмпулері басылған соң, көңіл көтеріп, би билеуде жөн көріпті. Желіде халықтың далада Қайрат Нұртастың әніне би билеген сәті тарады. Көпшілік билеген адамдардың бұл әрекетін түсінбей дал болуда. Олар желіде жергілікті халықты сынға алып, сыни пікірлерін жаудырған.

"Жер аударылып жатса да, жүріңдер солай билеп", "Алладан қалай қорықпайды екен, өзіміз шошып отырмыз, не деген сабырлық мына кісілердікі", "Алладан дұға тілеп, сабырға келсеңдерші халқым, би билеп, той тойлаудан шаршамадыңдар ма? Тіпті, дәл осындай күні билемей қоя тұрсаң да болады ғой?", "Қажымайды біздікілер бос күлкі, дарақылақтан" деп жазды олар.