Синоптиктер 5-7 желтоқсан аралығында республика бойынша ауа райы қандай болатынын айтты.
"Қазгидромет" РМК мәліметі бойынша 7 желтоқсанда республика бойынша ауа температурасының күрт төмендеуі күтілуде:
- түнде республиканың батысында, орталығында және шығысында -10-18°С дейін,
- республиканың солтүстік-батысында және солтүстігінде -25-33°С дейін,
- оңтүстігінде -5-13°С дейін.
Синоптиктер тағы:
- аптаның басында – 5 желтоқсанда – республиканың батыс және солтүстік бөліктері циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронтальды учаскелердің ықпалында болады, онда жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде болады;
- 6 желтоқсанда еліміздің солтүстігінде қалың қар жауады, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, тек республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі;
- 7 желтоқсанда антициклонның солтүстік-батыстан салқын басып кетуімен республиканың барлық аумағында жауын-шашын күтілмейді.
"Қазақстанда тұман түсіп, жел күшейеді", — деп хабарлады "Қазгидромет" РМК мамандары.
Бұған дейін "Қазгидромет" РМК мамандары желтоқсан айына ауа райы болжамын жасаған болатын. Синоптиктердің болжауынша, биылғы жылы Қазақстанда қыс бірте-бірте өзіне келеді.
Сурет: Zakon.kz