Тұман, жаңбыр: 8 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Қазгдромет синоптиктері 8 қараша, сәрсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Республиканың солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында антициклон ықпалымен күн ашық болады, жауын-шашын жаумайды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

Еліміздің батысында және оңтүстігінде циклон мен атмосфералық фронттарға байланысты жаңбыр жауады.

Республиканың солтүстік-батысында жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) жауып, жел күшейеді.

Қазақстан бойынша тұман түседі, еліміздің оңтүстік-батысында шаңды дауыл соғады.