Белгілі продюсер Гүлзира Айдарбекова келіні Жұлдыз жайлы ащы шындықты айтты. |
Ол күйеуінің ата-анасына қарайласпаған келіннің, болашақта өз басынан да тура осындай жағдай өтетінін айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Бұл туралы ол өзінің желідегі парақшасында мәлім етті. Онда ол ұлдарының өзі мен жолдасына тосын сый жасап, дастархан жайып, күткенін атап өтті. Осы жазба астында оқырмандардың бірі: "Еее, мен ұлымды туғаныма жазықтымын, мені ана сізге рахмет мені дүниеге әкелдіңіз десе, маған одан асқан бақыт жоқ, мені есханада Шымкентте көре тұрып қарамай, сөйлеспей, бұрылып қасындағы әйелмен кетті, менен гөрі сол әйел артық болғаны ғой. Мен тумасам сол ұл қайдан дүниеге келер еді. Мен ұлыма тек бақыт тілеймін, Алла өзі санасына сана берсін ,тек тілейтінім Анасын ұмытпаса екен деймін. Менің еш кінәм жоқ, мені кешір", — деп жазды ол.
Айдарбекова бұл жазбаға: "Сиырға туған күн бұзауға да туады деген, бәрі өз бастарына келгенде түсінеді. “Балам арам болса да келінім адал болсын” деген бекер айтылмаған. Алла қайырын берсін!" деп жазды.
Көпшілік мұны Айдарбекова Жұлдызға қатысты жазды деп топшылады.
"Жұлдызға әдейі жаздыңыз ба мұндай пікірді?", "Дұрыс айтасыз, бәрі өз бастарына келеді", "Әйелден бұрын анасын сыйлау керек шығар, қазір жастар басқа бірақ" деп жазды олар.