Өнер иесі сүйінші жаңалығымен Instagram-дағы парақшасында жазды. |
Атақты қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Сербияда «Karić brothers award» сыйлығына ие болды, деп жазады Caravan.kz медиа-порталы.
«Бүгін Сербияның Белград қаласында «Karić brothers award» сыйлығына ие болдым. Мені әрдайым қолдап жүрген барша тыңдарман қауымға шын жүректен алғыс. Ағайынды Карич сыйлығы әлемге әйгілі ғылым, журналистика, экономика, мәдениет және қоғам қайраткерлеріне табысталады. 1979 жылдан бері Карич қорының сыйлығы бұған дейін Нобель сыйлығының лауреаттары — Ж.Альферов, П.Хандке, Қазақстанның тұңғыш Президенті Н.Назарбаев, кинорежиссёр Е.Кустурица, қоғам қайраткері М.Мазари, теннисші Новак Джокович, актёр Стивен Сигал – барлығы 150-ден астам дарынды адамдарға табысталған болатын» деп жазды Димаш.