Хостелдегі өрт: ТЖМ басшысы Алматыға ұшып шықты

Төтенше жағдайлар министрі хостелдегі төтенше жағдайға байланысты Алматыға ұшып шықты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов оқиға орнына бірінші рейспен ұшып кетті", — деп хабарлады Алматы ТЖД.

Еске салайық, бұған дейін 30 қарашада сағат 5:33-те Алматыдағы Әди Шәріпов көшесінде өрт шыққаны хабарланды. Алдын ала деректер бойынша, 13 адам қаза тапқан.