Оған сенген азаматша ақысын төлеп, есесіне ешқандай заң көмегін алмаған. |
Шымкентте жалған адвокат тұрғыннан 7 млн теңге жымқырған, деп хабарлады Caravan.kz медиа-порталы.
Алаяқтық фактісін тергеу амалдары өзін адвокат ретінде таныстырып, бұрынғы күйеуінен баланы асырауға алимент өндіріп беремін деп уәде еткен ер адам туралы жергілікті тұрғынның арызынан басталды.
Polisia.kz сайтының мәліметінше, қаскүнем өз «қызметін» 7 миллион теңгеге бағалаған.
«Оған сенген азаматша ақысын төлеп, есесіне ешқандай заң көмегін алмаған. Ал қомақты қаржыны иеленген алаяқ байланысқа шығуды түбегейлі тоқтатқан», – делінген хабарламада.
Жедел уәкілдер іздестіру шаралары барысында күдіктінің жеке басын анықтады. Ол Түркістан облысының тұрғыны болып шықты. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.