ПИК (КСК), МИБ (ОСИ) көп пәтерлі үйді жылу маусымына қалай дайындайтынын және қандай жағдайда пәтердегі батарея салқын болатынын түсіндіреміз.
Бұл тұрғындар мен кооператив не бірлестік басшыларының міндеті. Олар өз бетінше жұмыс істейді, не болмаса сервистік компанияларды шақырады. Мұндай жағдайда қызмет ақысын тұрғындар төлейді. Коммуналдық қызмет түбіртегінде «Жылыту жүйесіне, элеватор торабына техникалық қызмет көрсету» деген жол болады. Ай сайынғы төлем сомасы пәтердің ауданына байланысты, әдетте шаршы метріне 10 теңге шамасында сұралады.
Тұрғындар басқарушылардан жылу жүйелеріне, элеватор тораптарына және жылу орындарына білікті мамандар қызме көрсетуін талап етуге құқылы.
Мамырда басқарушылар жылу жеткізушілерден үйді жылу маусымына дайындау туралы ұйғарым алады. Бұл жиырмадан аса тармақтан тұратын кешенді жұмыс.
Негізгі кезеңдер:
Дайындық аяқталған соң үйдің жылу кезеңіне әзірлігін растайтын акт беріледі. Құжатты алу үшін басқарушылар қаладағы жылу желісінің аудандық бөліміне жүгінеді.
Дәл осы құжатты пәтер иелері жауапты кооперативтен не бірлестіктен талап етсе болады.
Егер акт болмаса, ғимаратқа жылу берілмейді.
Үй аязды күндерге сақадай сай тұрғанмен, пәтердегі радиатор мынадай себептерге байланысты еш жылымауы мүмкін:
Анықталған ақауды көршілермен келісіп не басқарушылар арқылы жою керек.
Астана мен елдің алты облысында жылу маусымы басталып кетті. Басқа өңірлердегі әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлерге 3-25 қазан аралығында жылу беріледі. Алматыдағы ғимараттар жылу жүйесіне 15 қазаннан бастап қосылады.