|
Алматыда жер сілкінді. Қалада дабыл қосылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жерасты дүмпулерін сейсмикалық станциялар желісі Астана уақытымен 11:22-де тіркеді.
"Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстікке қарай 31 шақырым жерде Қазақстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы — 13,2, MPV магнитудасы — 6,1", — делінген хабарламада.
Алматыда 5 балл сезілді.