Маусым айында Алматы әуежайында жаңа терминал іске қосылады. |
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Биыл наурыз айында Алматы – Куала-Лумпур (Малайзия) тікелей рейсі іске қосылады, деп хабарлайды Алматы әкімдігі.
Алматы қаласы туризм басқармасының басшысы Ғалия Тоқсейітованың айтуынша, бүгінде мегаполис 42 тікелей бағытпен байланысқан және әлемнің 82 елімен визасыз режим бар.
"Наурыз айында Алматы мен Куала-Лумпур тікелей әуе қатынасын ашу жоспарланып отыр", — делінген хабарламада.
Сондай-ақ, осы жылы маусым айында Алматы қаласы халықаралық әуежайының жаңа терминалының құрылысы аяқталады. Әуежайдың жалпы өткізу қабілеті – жылына 14 млн жолаушы.
Осылайша, 2024 жылы шетелдік туристер саны 520 мың адамға жетеді деген болжам бар, деп мәлімдеді әкімдіктегілер.