"Қазгидромет" синоптиктері 22 қыркүйекте 15 өңірде ауа райы қолайсыз болатынын ескертті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. |
Жетісу облысының таулы аудандарында кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, сулы қар) күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Түнде және таңертен облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақытта 23-28 м/с.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман, топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.
Ақтөбе облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі.
Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с. Облыстың шөлді аудандарында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Қызылорда облысының орталығында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Түнде облыстың солтүстік-батысында топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с, облыстың шығысында 25 м/с.
Павлодар облысының солтүстік жартысында батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с.
Алматы облысының оңтүстігінде кей уақытта қатты жаңбыр, облыстың таулы аудандарда кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар) күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарда найзағай күтіледі. Кешке облыстың таулы аудандарда тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.
Алматыда нөсер жаңбыр жауады.
Қостанай облысының солтүстік-шығысында тұман күтіледі. Түнде облыстың солтүстік-шығысында топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. 22 қыркүйекте облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Түнде облыстың шығысында топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі. 22 қыркүйекте облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.